8 маусымда 165 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. 241 адам емделіп шыққан. Өсім 1,3% болған. Сондай-ақ коронавирустан 3 адам көз жұмды. Олар: Павлодар облысы – 1957 жылы туған ер, Атырау облысы – 1948 жылы туған әйел,
Қарағанды облысы – 1963 жылы туған ер адам.» Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады» деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 12859, емделіп шыққандар – 7376, қайтыс болғандар – 56.
⠀
Ал аймақтар бойынша 7 маусымдағы жағдай төмендегідей:
Алматы қаласы – 32 (1,1%)
Нұр-Сұлтан қаласы – 24 (1,0%)
Қарағанды облысы – 18 (1,6%)
Алматы облысы – 15 (3,5%)
Шымкент қаласы – 14 (1,5%)
Батыс Қазақстан облысы – 13 (1,6%)
Атырау облысы – 11 (0,9%)
Павлодар облысы – 11 (4,3%)
Жамбыл облысы – 7 (1,7%)
Шығыс Қазақстан облысы – 5 (2,7%)
Түркістан облысы – 5 (1,3%)
Қызылорда облысы – 4 (0,9%)
Маңғыстау облысы – 3 (0,9%)
Қостанай облысы – 2 (1,0%)
Ақмола облысы – 1 (0,6%)
⠀