Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған 7 науқас көз жұмғанын хабарлады. Қазақстан бойынша коронавирустан қайтыс болғандар саны 88 адамға жетті.
⠀
Көз жұмған 7 адам: Түркістан облысында – 1945 және 1974 жылдары туған ер азаматтар;
Батыс-Қазақстан облысында – 1932 жылы туған әйел адам және 1941 жылы туған ер азамат;
Қарағанды облысында – 1949 және 1939 жылы туған ер азаматтар.
Алматы облысында – 1965 жылы туған ер азамат.
⠀
«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады» деп хабарлайды министрлік.
⠀
Коронавирустан тағы 7 адам қайтыс болды
