Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан тағы бір адам көз жұмды. Отбасындағы екі адамнан коронавирус анықталған.
Қайтыс болған адам 50 жаста. 21 наурызда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Бір айға жуық ауырған. Бірақ медициналық көмек шақырмаған.
Ол адаммен жақын байланыста болған отбасы мүшелері, жұмыстастасры барлығы 31 адам ауруханаға жатқызылып, байланыста болуы ықтимал тағы 55 адам үй каратинінде.