24 сәуір таңертеңгі дерек бойынша коронавирустан 2 адам қайтыс болды. Инфекция салдарынан көз жұмған екі адамның бірі Шымкентте, бірі Алматыда болған. Қазіргі сәтте коронавирустан көз жұмғандар саны 22 жетті.
Ал коронавирус жұқтырғандар саны 2334 адамға жетті. Соның ішінде жаңадан жұқтырған 45 адам тіркелген. Олар: Нұр-Сұлтан қ. – 5, Алматы қ. – 8, Шымкент қ. – 6, Қостанай облысында – 2, Павлодар облысында – 4, Түркістан облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 6, Атырау облысында – 2, Ақмола облысында – 2, Маңғыстау облысында – 1, Қарағанды облысында – 5.
Ал аймақтар мен қалалардағы инфекция анықталған адам саны төмендегідей:
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 433 адам, Алматы қаласында – 764 адам, Қарағанды облысында – 108 адам, Ақмола облысында – 85 адам, Атырау облысында – 84 адам, Жамбыл облысында – 98 адам, Шымкент қаласында – 139 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 15 адам, Алматы облысында – 69 адам, Ақтөбе облысында – 55 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 30 адам, Павлодар облысында – 62 адам, Маңғыстау облысында – 20 адам, Қызылорда облысында – 161 адам, Батыс Қазақстан облысында – 92 адам, Түркістан облысында – 81 адам, Қостанай облысында – 38 адам.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024