arasha.kz

Маман: Вирустың Eta нұсқасы агрессивті немесе жұқпалы екендігі туралы деректер жоқ

Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман Eta коронавирусының жаңа нұсқасы және ол пандемияның кезекті толқынын тудыруы мүмкін екенін баяндады. Бұл туралы  ҚазАқпарат жазды.

 

Айтуынша, қазіргі SARS-CoV-2 коронавирусының көптеген нұсқалары бар. Осыған дейін ол айына екі рет мутацияға ұшыраған. Әр мутация жаңа вирус нұсқасын тудырады деген сөз емес.

«Бұл коронавирус молекуласындағы бірнеше мутация болуы мүмкін. Eta нұсқасы Нигерияда пайда болды және ол біраз уақыт қозғалып жүрді. Қазіргі уақытта ол тағы бір вирус толқынын тудырады деген ақпарат жоқ, сондай-ақ агрессивті немесе жұқпалы екендігі туралы деректер жоқ. Медициналық қоғамдастықта бұл штамм алаңдаушылық туғызып отырған жоқ.

Қазір біз бәріміз дельта штаммен жұмыс істеп жатырмыз, ол өте жұқпалы және агрессивті болуы ықтимал. Сондықтан, менің ойымша, Eta нұсқасы, Қазақстанда жаңа эпидемиялық індет тудырады деп ойламаймын. Оның қаншалықты қауіпті немесе жұқпалы екендігі туралы деректер әлі жоқ. Бұл тағы бір мутация болуы мүмкін», – дейді Алмаз Шарман.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда Eta «Нигериялық» коронавирус штаммы тіркелгенін хабарлаған болатын.

Exit mobile version