Қазақстанда вакцина алуды дұрыс ұйымдастыра алмаған әкімнің орынбасарлары жауапқа тартылады.
Еліміздің үш аймақта халықтың вакцина салдыруы өте баяу екені анықталды. Өңірдегі әкім орынбасарлары коронавирусқа қарсы вакциналау жоспарынан кешіккені үшін жазаланады. Бүгін өткен үкімет отырысында Нұр-Сұлтан, Маңғыстау және Қостанай облыстары шенеуніктерінің екпе қарқынына ілесе алмай қалғаны айтылды. Бұл аймақтарда халықты иммундау көрсеткіші төмен.
“Ведомствоаралық комиссия отырыстарында өңірлерге вакциналау қарқынын жеделдету туралы бірнеше мәрте тапсырма берілген болатын. Бірақ ол тапсырма қажетті деңгейде орындалып жатқан жоқ. Вакциналау жоспарының орындалмағаны үшін әкімдік басшыларының жеке басымен жауапты екенін бекіту қажет. Егер вациналау бойынша оң динамика байқалмаса, осы саланы үйлестіретін әкімдердің орынбасараларына тәртіптік сипаттағы шара қолданған жөн деп есептейміз”, – дейді ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.
Денсаулық сақтау министрлігі ертеңнен бастап карантинді жеңілдетеді. Тіпті эпидемиологиялық ахуалы айтарлықтай жақсы емес аймақтарда да.