15-01-21 |
1430 рет қаралған
Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа өтіп кетудің алдында тұр.
Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа өтіп кетудің алдында тұр

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері дабыл қақты. Елордада жыл басынан бері күн сайын 100-ден аса адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды Аrasha.kz.

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова індеттің таралу жолын азайту үшін карантиндік шараларды күшейтуді ұсынып отыр.

«Қазір қосымша карантиндік шаралар енгізу туралы жаңа қаулы дайындап жатырмыз. Бұл қаланың әртүрлі аудандарында коронавирустың таралу ошақтарын оқшаулауға көмектеседі»,-дейді Бейсенова.

Бас санитар сақтық шараларын қатаң ескеруге шақырады. Елордада індет жұқтырғандардың көбейуін  тәулігіне тапсырылатын тест санының артуымен байланыстырды.

«Егер бұрын 2-2,5 мың адам тест тапсырса, қазір тәулігіне 4,5 мыңға дейін жетеді. Сонымен қатар, жаңа жылдық мерекелерден кейін инкубациялық кезең өтеді. Яғни, санитарлық нормаларды елемеген адамдар бар. Коронавирус адамның ең әлсіз мүшелеріне әсер етеді. Бұл әсіресе артерияларда, тамырларда және өкпеде қан ұйығыштардың (тормб) пайда болуына әкеледі. Сондықтан өз денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын да ойлау керек», – деп бас санитар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.