30-03-21 |
1950 рет қаралған
Нұр-Сұлтанда блок бекеттер қойылмайды.
Нұр-Сұлтанда блок бекеттер қойылмайды

Елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова қала айналасына блок бекеттер қойылмайтынын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz ақпараттық порталы.

Елорда – 10 наурыздан бері коронавирустың таралуы бойынша «қызыл аймақта». Нұр-Сұлтанда соңғы үш күнде індетке шалдыққандар саны екі есе өскен. 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық республика деңгейінен 2,9 есе жоғары болып тұр.

 «Блок бекет орнату туралы мәселе жоқ. Біз қабылданған шектеу шаралары оң нәтиже береді деген үміттеміз. Одан кейін эпидемиологиялық жағдайдың қалай өрбитінін бақылаймыз», – деді Бейсенова.

Бас санитар дәрігер эпидемиологиялық ахуал тым ушыққан жағдайда қатаң карантин енгізу мәселесі қаралуы әбден мүмкін екенін ескертті.

Қалада 30 наурыздан бастап карантин қатаңдатылады. Тиісті қаулыға бүгін қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері қол қойды. Оған сәйкес, сауда орталықтарының жұмыс уақыты жұмыс күндері 17.00-ге дейін қысқарады, демалыста жабық болады. 

9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда, барлық мектеп оқушылары мен студенттер қашықтан оқытуға көшеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.