Оқу жылының басынан 3 658 оқушы коронавирус жұқтырған. Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында – 994, қашықтықтан оқитын балалар арасында – 2 664 жағдай тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов мәлімдеді.
Оның айтуынша, соңғы 3 айда әуе рейстермен 155 мыңнан астам адам келді, олардың 75-інде, көлік өткелдері арқылы 440 мың адам келіп, олардың 666-ында коронавирус инфекциясы анықталған.
Ал 28 желтоқсанда Қазақстанда 739 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталды. 18 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде Covid пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды: 8 адам – коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмған.