Қазақстанда өткен тәулікте 1856 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Оның ішінде 1011 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.
Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы — 211 / 62
Алматы қаласы — 220 / 86
Шымкент қаласы — 80 / 51
Ақмола облысы — 39 / 20
Ақтөбе облысы — 171 / 145
Алматы облысы — 79 / 50
Атырау облысы — 190 / 158
Шығыс Қазақстан облысы — 225 / 106
Жамбыл облысы — 78 / 61
Батыс Қазақстан облысы — 138 / 78
Қарағанды облысы — 102 / 41
Қостанай облысы — 46 / 27
Қызылорда облысы — 62 / 28
Маңғыстау облысы — 24 / 15
Павлодар облысы — 73 / 8
Солтүстік Қазақстан облысы — 59 / 27
Түркістан облысы — 59 / 48
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 61755. Өткен тәулікте 1721 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, жазылғандар саны — 35911. Алайда 375 адам осы дерттен көз жұмды.