27-04-20 |
1740 рет қаралған
Қазақстанда 820 медицина қызметкері коронавирусқа шалдыққан.
Қазақстанда 820 медицина қызметкері коронавирусқа шалдыққан

Қазақстанда 820 медицина қызметкері  коронавирусқа шалдыққан.

«Қазіргі кезде коронавирус жұқтырғандардың 30% медицина қызметкерлері. Бұл – 820 адам. Инфекция жұқтырғандардың басым бөлігі орта және кіші медицина қызметкерлері» денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.

Дәрігерлердің инфекция жұқтыру фактісі президент Тоқаевтың мәлімдемесінде де айтылған еді.

«Өкінішке қарай, кейбір аймақтарда, әсіресе, Алматыда вирус жұқтырған дәрігерлер және медицина қызметкерлері өте көп.
Сондықтан, солардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдануда.
Мәселенің анық-қанығын зерттеп, бұған жол берген басшылардың жауапкершілігін қарау керек. Мұндай жағдайларға жол бермеу қажет» делінген мәлімдемеде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.