arasha.kz

Қазақстанда ақылы вакцинаға рұқсат жоқ

Қазақстанда коронавирусқа қарсы ақылы вакцинацияға рұқсат етілмеген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Министрлік коммерциялық нарықта вакцинаға қолжетімділікті кеңейтуді және екпе түрлерін ұлғайтуды көздеп отыр.

«Қазіргі таңда Қазақстанға тек мемлекеттік айналымда қолданылатын вакциналар өндіріліп, жеткізілді. МӘМС жүйесіне қатысатын жекеменшік клиникалар қормен келісімшартқа отырып, адамдарға вакцинаны тегін салады. Жалпы Қазақстанда қазіргі таңда вакцина сатуға ресми рұқсат жоқ», – деді Цой баспасөз мәслихатында.

1 ақпаннан бері елде 131 170 адам «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін салғызды. Ал екінші компонентін 32 482 адам қабылдады.

Цой сәуір айында Қазақстанға ресейлік вакцинаның 2,5 миллион дозасы жеткізілетінін мәлімдеді.

Exit mobile version