06-08-20 |
1770 рет қаралған
Қазақстанда бес адам коронавирусқа қарсы вакцина алып, сынақ жасаған.
Қазақстанда бес адам коронавирусқа қарсы вакцина алып, сынақ жасаған

26 шілдеде коронавирусқа қарсы вакцина жасаушылардың ішінен 5 адам ерікті түрде өздеріне вакцина салып, сынақ жасаған. Олар мұны вируспен жұмыс істеу барысындағы өз қауіпсіздіктері мақсатында істеген. Үш күн өткенде еріктірлердің денсаулығы жақсы, қызуы көтерілмеген, аллергия болмаған. Бұл туралы Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомства аралық комиссия хабарлады.

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында жасалып жатқан коронавирусқа қарсы вакцинаның клиникалық сынаққа дейінгі сынағы 20 тамызда аяқталады.

Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатынан соң, қыркүйек айында Алматы емханаларында COVID-19 қарсы антиденесі жоқ 44 ерікті адамға вакцина салынып, сынақ жасалмақ. Бәрі сәтті болған жағдайда вакцинаны сынақтан өткізудің екінші фазасы қыркүйектің ортасында басталып, 200 ерікті адамға вакцина салынып сынақтан өткізілмек. Ал үшінші фазасын жыл соңына дейін жасау жоспарланып отыр.

Коронавирусқа қарсы вакцина жасау Қазақстанда биыл наурызда басталған. 15 мамырда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан жасап жатқан вакцинаны алдына ала тексеріп, кандидат вакциналардың тізіміне қосқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.