Қазақстанда індет жұқтырған 38 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 39 пациенттің жағдайы өте ауыр. 266 адамның жағдайы орташа ауырлықта, деп хабарлайды Arasha.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі 27 қаңтарындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты таратқан ақпаратқа сәйкес, 27 119 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 492 пациент стационарда, 20 627 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап, елімізде 47 575 пневмониямен ауырған, 559 өлім жағдайы тіркелді. Қазіргі күні 35 348 адам сауығып шықты.