Елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші қайта өсті. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары індеттің өршуі бойынша тағы да көш бастады.
Қазақстанда өткен тәулікте 1896 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 297,
- Алматы қаласы – 412,
- Шымкент қаласы – 55,
- Ақмола облысы – 43,
- Ақтөбе облысы – 51,
- Алматы облысы – 174,
- Атырау облысы – 35,
- Шығыс Қазақстан облысы – 125,
- Жамбыл облысы – 41,
- Батыс Қазақстан облысы – 53,
- Қарағанды облысы – 157,
- Қостанай облысы – 96,
- Қызылорда облысы – 36,
- Маңғыстау облысы – 12,
- Павлодар облысы – 153,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 118,
- Түркістан облысы – 38.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 900121.