Өткен тәулікте, 29 қыркүйекте Қазақстанда 2252 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР тест арқылы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Бір күн бұрын ковид 1 925 адамнан табылған болатын.
Өңірлер бойынша статистика:
- Нұр-Сұлтан қаласы — 249,
- Алматы қаласы — 510,
- Шымкент қаласы — 126,
- Ақмола облысы — 45,
- Ақтөбе облысы — 141,
- Алматы облысы — 212,
- Атырау облысы — 69,
- Шығыс Қазақстан облысы — 147,
- Жамбыл облысы — 55,
- Батыс Қазақстан облысы — 77,
- Қарағанды облысы — 170,
- Қостанай облысы — 106,
- Қызылорда облысы — 57,
- Маңғыстау облысы — 16,
- Павлодар облысы — 136,
- Солтүстік Қазақстан облысы — 78,
- Түркістан облысы — 58.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 884 886.