Өткен тәулікте, 29 қыркүйекте Қазақстанда 2252 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР тест арқылы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Бір күн бұрын ковид 1 925 адамнан табылған болатын.
Өңірлер бойынша статистика:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 249,
- Алматы қаласы – 510,
- Шымкент қаласы – 126,
- Ақмола облысы – 45,
- Ақтөбе облысы – 141,
- Алматы облысы – 212,
- Атырау облысы – 69,
- Шығыс Қазақстан облысы – 147,
- Жамбыл облысы – 55,
- Батыс Қазақстан облысы – 77,
- Қарағанды облысы – 170,
- Қостанай облысы – 106,
- Қызылорда облысы – 57,
- Маңғыстау облысы – 16,
- Павлодар облысы – 136,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 78,
- Түркістан облысы – 58.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 884 886.