Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.
«Бұл – орны толмас қаза. Марқұмның туған-туыстарына көңіл айтамыз. Ертең Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау мекемесі марқұмың медициналық анықтамасын түгелдей береді. Бұл коронавирустың қаншалықты қауіпті екенінің кезекті дәлелі» деді Д.Абаев.