Алдағы екі аптада коронавирустың таралуы шегіне жетеді делініп отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова айтты.
«Елдегі індеттің шыңы әлі өткен жоқ. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин шараларының күшеюіне байланысты эпидемияның айтарлықтай баяулауына қарамастан, эпидемия Қазақстанның басқа да аймақтарында дамуда.
Індеттің таралу шыңы бiр-екі апта iшiнде күтіледі» дейді Жақселекова.