Елімізде өткен тәулікте 1584 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Індет жұқтырғандардың басым бөлігін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары бастап тұр. 23 қаңтар күнгі жағдай бойынша Ақмола облысында бір тәулікте 237 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері анықталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бір апта бұрын елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырушылар саны тәулігіне мыңға жетпесе, қазір көрсеткіштерде өсім бар.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 176 974 жетті. Бір тәулікте 1 584 жағдай тіркелді деп хабарлайды сoronavirus2020_kz.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында -21274(+229)
Алматы қаласында – 21141(+131)
Шығыс Қазақстан облысында – 19804 (+42)
Атырау облысында – 15497(+96)
Қарағанды облысында – 13226(+82)
Павлодар облысында – 11695(+220)
Батыс Қазақстан облысында – 10304(+84)
Солтүстік Қазақстан облысында – 10107(+113)
Қостанай облысында – 9350(+177)
Ақмола облысында – 9299(+237)
Алматы облысында – 8712(+92)
Шымкент қаласында -5787(+8)
Жамбыл облысында – 5408(+20)
Түркістан облысында – 3986(+16)
Маңғыстау облысында – 3960(+11)
Ақтөбе облысында -3889(+10)
Қызылорда облысында -3535(+16)
Елімізде барлығы 159 486 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.