09-12-21 |
1960 рет қаралған
Қазақстанда қайта вакциналау әдістемесі өзгерді.
Қазақстанда қайта вакциналау әдістемесі өзгерді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде қайта вакциналау әдістемесі өзгертілгенін мәлімдеді. 

 

«Әлемдегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссия азаматтарды қайта вакциналау тактикасын қайта қарады. Осылайша, 8 желтоқсаннан бастап вакцинаның екі дозасын алған барлық адамдар, сонымен қатар коронавирус инфекциясымен ауырған адамдар да қайта вакциналаудан өте алады. Бүгінгі күні 44 702 адам ревакцинациядан өтті», – дейді Цой.

Бұған қоса ол министрлік коронавирус штамдарының жаңа нұсқаларының мониторингін тұрақты негізде жүргізіп келетінін сөз етті. 

«Мәселен, «Омикрон» штамының пайда болғанын ескеріп, Алматы қаласында осы штамм нұсқасына тән мутацияның болуына алдын ала ПТР скринингі жүргізілді. «Омикрон» елімізде тіркелмеді. Қазіргі таңда еліміздіңң барлық өңірлерінде алынған сынамалардың үлгілерін толық геномдық тұрғыдан тексеру жалғасуда», – деп қосты министр. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.