
Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында індеттің көбейгенін хабарлады.
Премьер-министрдің орынбасары ведомствоаралық комиссияда барлық маңызды мәселе қаралатынын жеткізді. Атап айтқанда, вакцинация шаралары күшейтіледі.
«Әзірше, шектеу мәселесін көтеріп жатқан жоқпыз. Бірақ вакцинацияны күшейту бойынша нақты шешімдер қабылданады», – деді Тоғжанов журналистерге берген сұхбатында.
Осы орайда вице-премьер коронавирусты жұқтыру көрсеткішінің екі қалада өсіп жатқанын еске салды. Ол – Алматы мен Нұр-Сұлтан.
«Осы екі қалаға шетел азаматтары да, өз адамдарымыз көп келеді. Әуе байлынысы да көп», – деп атап көрсетті Тоғжанов.
Айта кетсек, денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдығу көрсеткішінің өскенін хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, осы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдық 3,6 есеге – 127-ден 457 жағдайға дейін артқан. Соның басым бөлігі Алматы және Нұр-Сұлтанда тіркелген. Екі қалада барлығы 391 науқас (85%) анықталды.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025