Президент қатысуымен өткен жиында премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов 1 қазаннан бастап дәрігерлерге «ковидтік» үстемеақы төленбейтінін хабарлады.
«Тамыз-қыркүйек айларында 50% төленеді. Бұл жүйенің орнына 1 қазаннан бастап медицина қызметкерлерін қолдаудың өзге шаралары енгізіледі. Олар елдегі эпидемиологиялық жағдайға тәуелді болмайды» – деп жазады «Хабар 24» телеарнасы премьер-министр орынбасарына сілтеме жасап.
Тоғжановтың айтуынша, дәрігерлерге қаржылық қолдау өткен жылдың наурыз айынан бері көрсетіліп жатыр. Қазігі уақытқа дейін 229 миллиард теңге төленді.
Сұраныс жоғары бағыттағы медицина қызметкерлерінің жалақысы 9 санат бойынша көтеріледі. Әзірге әлі есептеліп жатыр. Бұл мақсатқа шамамен 14 миллиард теңге қажет болады.
Маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ковидтік» үстемеақыға бюджеттен тағы 71,5 миллирд теңге бөлінетінін мәлімдеген болатын. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне психоэмоционалдық төлем жасайды.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024