Өткен тәулікте Қазақстанда 1280 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Павлодар облысы, Ақмола облысы және Нұр-Сұлтан қалаларында індет жұқтырғандар саны азаймай тұр, деп хабарлайды Arasha.kz.
4 ақпандағы мәлімет бойынша, елімізде 27 886 адам короновирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 5 799 пациент стационарда, 22 087 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Дәрігерлер мәліметінше, 259 адамның жағдайы ауыр, 57 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Ал 53 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Өңірлер бойынша мәлімет:
Павлодар облысы – 230
Ақмола облысы – 168
Нұр-Сұлтан қаласы – 153
Алматы қаласы – 111
Батыс Қазақстан облысы – 109
Қостанай облысы – 85
Қарағанды облысы – 80
Алматы облысы – 70
Солтүстік Қазақстан облысы – 70
Атырау облысы – 58
Шығыс Қазақстан облысы – 63
Түркістан облысы – 23
Ақтөбе облысы – 18
Маңғыстау облысы – 16
Жамбыл облысы – 10
Шымкент қаласы – 9
Қызылорда облысы – 7
Жалпы республика бойынша 191 639 науқас анықталды.
3 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес:
«Қызыл» аймақта – Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта – Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстары.
«Жасыл» аймақта – қалған өңірлер.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024