Премьер-министр Асқар Мәмин Ресейдің «Спутник V» коронавирусқа қарсы вакцинасын өндіретін Қарағанды фармацевтикалық комплексіне барып, жұмысты іске қосты деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Хабарланғандай жоспар бойынша кезең-кезеңімен 2 миллион доза вакцина шығрылмақ.
«Қазақстанда шығарылған «Спутник V» вакцинасымен жаппай вакцинациялау 2021 жылдың ақпанында басталады. Ең алдымен ерікті түрде медицина қызметкерлері, педагогтар, студенттер, құқыққорғау органдары қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекеме контингенті және созылмалы ауруы бар тәуекелі жоғарылар қатарына кіретін азаматтар алады», – деді Асқар Мәмин.