Вакцина қабылдамаған мәскеуліктер жұмыстан шеттетіліп жатыр. Ол азаматтарға жалақы мен еңбек демалысы үшін де ақы төленбейді. Әйтпесе бүкіл мекеме жұмысы үш айға тоқтатылады.
Билік мұндай шараларды эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты қабылдаған. Мәселен соңғы екі аптада Ресей астанасында COVID-19 өлімі бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді. Әсіресе жаңа үнді штаммы «дельта» өршіп тұр.
«Өлім-жітімнің деңгейі алаңдатарлық, біз екі күннің ішінде күнделікті өлімнің рекордтық көрсеткішін тіркейміз. Ауру жұқтырғандардың 77% -ы еңбекке жарамды азаматтар. Мәскеуде барлық науқастардың шамамен 90% -ы жаңа мутациялық үнді штамын жұқтырған”, – деді Мәскеу мэрі Сергей Собянин.
Қазір коронавирустың үнді штамы 90-ға жуық елдің аумағына еніп үлгерді.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024