03-07-20 |
1990 рет қаралған
Сағынтаев: Алматыда ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсті.
Сағынтаев: Алматыда ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсті

Фото: PhotoXPress

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсіп, маусым айында жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 4 мыңға дейін адам қоңырау шалған деп мәлімдеп отыр. Ол мұны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бүгінде коронавирустың таралуына байланысты қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүмкін ресурстары жұмылдырылды. Жұқпалы және провизорлық стационарлардан бөлек негізгі салмақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне жүктелді.

Бүгінгі қалыптасқан жағдайда «виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы» ашылды. Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды. Асфендияров медуниверситетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық аштық. Бұл бізге амбулаторлық деңгейде, әсіресе қарттар арасындағы асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді.

Тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсті. Мұны індеттің көрінісі ретінде қарастырып отырмыз. Бұл ретте жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны күрт көтерілген. Маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен» деп жазады Бақытжан Сағынтаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.