Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавирус инфекциясын жұқтырды. Лауазымды тұлға қашықтықтан жұмыс жасауға көшкен.
Бұл туралы Сенат төрағасының өзі Facebook парақшасында хабарлады.
«Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын»,-деп жазды Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар, Парламент басшысы халыққа пандемияның екпіні әлі бәсеңдегенін айтып, сақ болуға шақырды.
«Арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл, ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік, аман болыңыздар»,-деп жазды ол.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024