фото: primeminister.kz
Үкімет Жамбыл облысында құрылысы басталған жаңа зауыттан коронавирусқа қарсы вакцина шығармақшы. Қазіргі таңда Қазақстан биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының COVID-19-ға қарсы кандидаттық вакцинасы ДДСҰ тізіміне енгізілген және клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатқан көрінеді.
12 мамыр премьер- министр Асқар Мамин Жамбыл облысында Қордай ауданының Гвардейский қала үлгісіндегі кентіне барып, биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берді.
Сондай-ақ жаңа зауыттан пандемиялық тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке, ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына, қой мен ешкінің контагиозды эктимасына, қой шешегіне, құтырмаға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығарылмақ.