Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысында дәрігерлер коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Қазақстанның бас санитары Айжан Есмағамбетова (суретте) хабарлады.
«Өкінішке қарай, Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында медицина қызметкерлері ауырғаны анықталды» деді Есмағамбетова.
Сондықтан бас санитардың жаңа бұйрығында медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігі және жеке қорғану талаптары айтылған