29-07-21 |
1720 рет қаралған
Жалған вакцина алғандар тізімнен шығарылады.
Жалған вакцина алғандар тізімнен шығарылады

Елімізде вакцина алғандар саны 5,2 миллионнан асты. Министрлік бұл тізімде жалған вакцина паспортын сатып алғандардың ұзамай тізімнен шығарылатынын хабарлады. 

“Бүгінгі таңда, өкінішке қарай, медициналық ұйым қызметкерлерінің арасында осындай заңбұзушылықтар көбейіп жатыр. Біз ішкі істер министрлігіне келіп түскен ақпарттарды тексеріп, дәлелденген жағдайда вакцинация паспортын алған адамдар тізімінен оларды шығарамыз. Қазіргі таңда барлық аймақтарды тексерістер жүріп жатыр. Ресми түрде дәлелденген соң, емханаларда керекті шаралар қолданылатын болады. Ал жалған вакцинация паспортын жасатып, емханаға ауырып түскендер арасында мойындағандарын бақылау комитеттері жіті тексеріп, жұмыс жасап жатыр”, – дейді денсаулық сақтау вице-министр Ажар Ғиният.

Айта кетсек, ішкі істер министрлігі жалған вакцинация құжатын жасатқандар 4 жыл бас бостандығынан айырылады деп мәлімдеген болатын. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.