12-03-20 | 19:04
Коронавирусқа шалдыққан Том Хэнкстың жағдайы туралы баласы айтты.
Коронавирусқа шалдыққан Том Хэнкстың жағдайы туралы баласы айтты

Әйгілі Голливуд актері Том Хэнкс пен оның жары Рита Уилсон Австралияға барған сапарында коронавирус жұқтырып келген. Қазіргі уақытта олардың жағдайы қалыпты дейді актердің баласы Чет өзінің  Instagram парақшасында.

“Олар алаңдап отырған жоқ, бірақ барлық медициналық тексеруден өтіп жатыр. Алаңдайтын себеп жоқ деп ойлаймын”, — дейді Чет Хэнкс.

Том Хэнкс көпшілікке “Форрест Гамп”, “Спасти рядового Райана”, “Изгой”, “Чудо на Гудзоне”  және тағы да басқа көптеген фильмдер арқылы танымал. 2016 жылы АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама актерге Президенттің бостандық төсбелгісін таққан.

Айта кетейік, CAVID-19 коронавирусы өткен жылдың желтоқсан айының соңында пайда болды. Бұл вирус әлемнің 118 еліне тарап, 120 мың адам жұқтырды. Індет 4368 адамның өмірін жалмаған. Оның 3 мыңнан астамы – қытайлық Хубэй провинциясында.

Қазастанда аталған ауруға шалдыққан адам анықталған жоқ.

ДДСҰ жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk