01-04-20 | 16:15
Коронавирустан қайтыс болған адамның мәйіті туыстарына берілмейді.
Коронавирустан қайтыс болған адамның мәйіті туыстарына берілмейді

Коронавирустан қайтыс болған адамның мәйіті туыстарына берілмейді. Бұл туралы Қазақстанның бас санитары Айжан Есмағамбетова айтты.

“Мен арнайы қаулымен коронавирус жұқтырғандарды жерлеу рәсімінің алгоритмін бекіттім. Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың денесі туысқандарына берілмейді. Қоштасуға тек 30 минут беріледі. Ара қашықтық 3 метрден кем болмауы керек. Жерлеу рәсіміне жақын туыстары мен имам қатыса алады”, – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бүгінгі жағдай бойынша коронавирустан үш адам көз жұмғаны мәлім.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk