Әлеуметтік прогресс рейтингінде Қазақстан ЕЭО елдерінің ішінде Қырғызстанның ғана алдында.
Әлеуметтік прогресс рейтингінде Қазақстан ЕЭО елдерінің ішінде Қырғызстанның ғана алдында

2019 жылдың Әлеуметтік прогресс бойынша халықаралық рейтингінде Қазақстан ЕЭО (Еуразиялық Экономикалық Одақ) елдерінің ішінде 69 орынға жайғасып, Қырғызстанды ғана басып оза алған. Бұл туралы ranking.kz хабарлайды.

Рейтингтің көшін Норвегия елі бастап тұр. Одан кейін Дания, ал үшінші орында Швейцария екен. Алдыңғы ондықты Жапония жауыпты. Ал Қазақстан 69 орынға жайғасып, ЕЭО елдерінің ішінде Қырғызстанды (81 орын) ғана басып оза алған. Жалпы саны 149 ел кіретін тізімде ЕЭО елдерінің ішінде мысалға Белорусь (48), Армения (59), Ресей (62) орынды иемденіпті.

Әлеуметтік прогресті анықтайтын рейтингте мемлекеттер елу шақты әлеуметтік көрсеткіштер бойынша бағаланады. Ол: адамдардың тамақтануы, медицина мен білімнің қолжетімділігі, қоршаған ортаның сапасы, коммуникация құралдарына қолжетімділігі, жеке басының бостандығы мен, өз потенциялын пайдалана алу мүмкіндіктері және тағы басқа көрсеткіштер бойынша есепке алынады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk