29-03-20 | 15:46
Литвадан Қазақстанға 15 студент келді.
Литвадан Қазақстанға 15 студент келді

фото: СІМ баспасөз қызметі

Сыртқы істер министрлігі шетелдегі Қазақстан азаматтарының елге оралуына жәрдемдесуін жалғастыруда. Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, 28 наурызда Қазақстанның Литвадағы елшілігінің қолдауымен Вильнюс, Каунас және Клайпеда қалаларында оқитын 15 қазақстандық студент Минскіге, содан кейін Нұр-Сұлтан мен Алматыға аман-есен ұшып шыққан.

Наурыз айының ортасынан бастап халықаралық әуе қатынастарының тоқтатылған уақытынан бері елшіліктің қолдауымен 50-ден астам қазақстандық үйлеріне аман-есен оралды. Олардың арасында литвалық жоғарғы оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттер, «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткендер және тағы басқа азаматтар бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk