26-06-19 | 20:34
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасының баласы жаңа қызметке тағайындалды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасының баласы жаңа қызметке тағайындалды

Президент Тоқаев өкіммен күштік құрылымдар бірқатар тағайындау болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Жаңа қызметке тағайындалғандардың ішінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Амангелді Шабдарбаев баласы – Нұрлан Аманкелдіұлы Шабдар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған.

Амангелді Шабдарбаев 2006-2009 жылдары ҰҚК басқарған, генерал-лейтанат шені бар.

Президент өкіміне сәйкес, Мұхтар Ақатұлы Аюбаев мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметіне тағайындалса, Олжас Абайұлы Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.