
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР Ұлттық экономика министрлігіндегі бірқатар лауазым иелеріне қатысты тергеу жүргізуде.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істер және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаменті директоры Арман Бердалин айтты.
– Ұлттық экономика министрлігіндегі бірқатар жекелеген қызметтік тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Бердалин.
Одан өзге ақпарат әзірге жариялауға жатпайды.
Ол тұлғалардың ішінде Ұлттық экономика министрлігіндегі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақұпов бар ма, әзірге белгісіз.
– Мақалада айтылғандай, мені ешқашан ешкім парамен ұстаған емес, өйткені мен пара алған емеспін, алмаймын да! Пара алдым деп те ешқашан ешкімнің алдында мойындаған емеспін! – деп жазды Facebook-те Жақұпов.
Zakon.kz
-
2023-02-06 10:29:20
-
2023-02-06 10:04:35
-
2023-02-03 11:54:50
-
2023-02-01 19:51:07
-
2023-02-01 14:32:50
-
2023-02-01 14:30:24
-
2023-01-31 20:49:28
-
2023-01-31 20:26:03
-
2023-01-30 22:36:44