Ұлттық спорт түрлері білім беру бағдарламасыне енгізілмек.
Ұлттық спорт түрлері білім беру бағдарламасыне енгізілмек

Ұлттық спорт түрлері білім беру бағдарламасына енгізілмек. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көрсетілген. Сондай-ақ зағ жобасында ауылдық жерлердегі спортты дамыту және бұқаралық спортты дамыту үшін дене шынықтыру-спорт қоғамдарының мәртебесі мен өкілеттіліктерін айқындауда көзделген. Заң жобасы ашық үкімет порталында қазанның 28 дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Ұлттық спорт түрлеріне асық ату, теңге алу, аударыспақ, бүркітші, қыз қуу, көкпар, бәйге, тоғызқұмалақ жатады. Қазақстанда ұлттық спорт түрлері қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастықтың президенті депутат, әнші Бекболат Тілеухан. Қауымдастықтың құрметті президенті – Қайрат Сатыбалдыұлы.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.