08-09-20 | 19:15
Лукашенко: Мен кетпеймін, бәрінің артында Америка тұр.
Лукашенко: Мен кетпеймін, бәрінің артында Америка тұр

Белорусь президенті Александр Лукашенко Ресей баспасөзінің бір топ журналистеріне сұхбат берді.

Сұхбат барысында ол президент қызметінен жайдан жай кетпейтінін, ширек ғасыр Белорусь елін өркендетіп, өсіргенін айтқан.

“Иә, мен біраз ұзақ отырған шығармын. Бірақ Белорусьті дәл қазір мен ғана қорғай аламын!” деген Лукашенко.

Сондай-ақ ол Белорусьтегі қарсылық акцияларының артында Америка тұрғанын, олар Польша мен Чехиядағы орталықтары арқылы әрекет етіп жатқанын айтқан.

“Оппозицияның үйлестіру кеңесімен сөйлеспеймін. Мен олардың кім екенін білмеймін. Олардың көксегені, ұсынып отырғандары Белоруссия мен белорусь халқы үшін өте қауіпті” депті Лукашенко.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.