26-09-19 | 16:57
Лукашенко: Украина Қырымды қайтара алмайды.
Лукашенко: Украина Қырымды қайтара алмайды

Белорусия президенті Александр Лукашенко бейсенбіде украин журналисттеріне баспасөз мәлихатын өткізіп, Украина жайлы бір әңгіме айтты. Мәселен, Лукашенко Украина Қырымды қайтара алмайды деп ойлайды. “Жоқ. Бұл тақырып біржола жабылған” деп қысқа қайырыпты ол. Сөйте тұрып, Украина мен Ресей қарсы болмаса Донбасқа бітімгер әскери күш кіргізуге дайын екенін де айтқан. “Егер сіздер украин-ресей шекарасын жапқанымзды қаласаңыздар, біз оны жабамыз. Бірақ бұл дауға әскери күшпен кіру маған үлкен проблема. Біз сонда да шекараның сол аумағын жабуға дайынбыз. Біз шекарада Украина мен Ресей қалай келіссе, өзімізді солай ұстаймыз”. Лукашенко бұдан басқа халықаралық мәселелер жөнінде біраз ой айтқан.

Лукашенко Қырым қайтпады десе, Украинаның президенті Зеленский Қырымды қайтарудан әлі де үмітті. Әрі АҚШ президенті Трамп оған Қырымды қайтаруға көмектесетінін айтқан екен.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.