28-11-19 |
530 рет қаралған
Мұғалімдерді артық жұмысқа жеккендерге айыппұл салынады.
Мұғалімдерді артық жұмысқа жеккендерге айыппұл салынады

Мәжілістің әлуметтік-мәдени даму комитетінде «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бойынша кеңейтілген отырыс өтті. Жиында сөз болған заң жобасын талқылауға білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов қатысты.

Заң жобасында мұғалімдерді артық жұмысқа тартуға, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салу арқылы жүктемені азайту бойынша жеке нормалар көзделген. Мұғалімдерді өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартқаны және олардан жөнсіз есеп беруін талап еткені үшін құқық бұзушылық субъектісіне байланысты 20-дан 120 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл көзделген. Сондай-ақ, ұқсас айыппұл жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін де қарастырылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.