Мұхамеджан Тазабековтың полицейлермен кездесуі тексеріледі.
Мұхамеджан Тазабековтың полицейлермен кездесуі тексеріледі

“Асыл арна” телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабековтың полицейлермен кездесу тексеріліп жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди айтқан.

«Кім шақырғанын бөлімше бастығынан сұрау керек. Мен де оны кеше білдім. Мамандандырылған күзет басқармасынан сұрау керек шығар. Әр мемлекеттік органда ақпараттық жұмыс жүргізу жоспары бар.  Олар қажет деп тапқан тақырыпқа қарай әлдебір қоғамдық тұлғаны шақырады. Біз қазір ол кездесудің өзектілігін, онда не айтылғанын, қандай форматта өткенін тексеріп жатырмыз. Сосын барып бағалап, шешім қабылданады.  Әзірге бәлен деп ештеме айта алмаймын” деген Калайчиди.

Бұған дейін Мұхамеджан Тазабековтың сөйлеген сөздері бар видеоүзінді әлеуметтік желіде тарап, ол жұртшылық тарапынан қызу талқыға түскен еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.