24-01-20 | 19:13
Мұхтар Тайжан Тоқаев айтқан орталықты басқаруға дайын.
Мұхтар Тайжан Тоқаев айтқан орталықты басқаруға дайын

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қ.Тоқаев елге жаңа экономикалық курс керек екенін айтып, экономикалық реформалар орталығын құру туралы ойын білдіреді. Президенттің бастамасына қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан үн қатты.

“Қысқасы, мен қоғамдық негізде экономикалық реформалар орталығын басқаруға дайынмын. Және реформаны ашық жүргіземін” деді М.Тайжан.

Қоғам қайраткері Қазақстан экономикасына реформа жасау студент кезінен бергі арманы екенін жазады. Сондай-ақ оның ойынша,  қазіргі шенеуніктер экономикада реформа жасауға қауқарсыз, өйткені неше түрлі мүдделі топтар мен жемқорлықтың шырмауына түскен. Елді қазіргідей түйыққа тіреген де қазіргі шенеуніктер көрінеді, Тайжанның сөзіне сенсек.

Қоғам қайраткерінің әлі құрылмаған экономикалық орталықты басқаруға өзін өзі ұсынғанын президент және үкімет ескере ме, жоқ па оны уақыт көрсетеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk