04-10-18 | 00:00
“Мұнай ұрлаған” Еркін Ізбасардың жаза уақыты ұзарды.
3 қазанда Ақтөбеде апелляциялық сот алқасы “мұнай ұрлады” деген айыппен істі болған азаматтарға қатысты үкімді қайта қарап,  прокуратураның жазаны қатаңдату туралы шағымын ішінара қанағаттандырды. 

Адвокаттардың апелляциялық шағымы мен прокуратураның  наразылығын  бірге қараған апелляциялық сот алқасы Еркін Ізбасардың жазасына тағы төрт жыл қосып, 16 жылға, Аухат Қалиевке үш жыл қосып, 14 жылға, Қалдымұрат Қартжанға екі жыл қосып, 13  жылға соттады. 

Ал Біржан Аманқұлов, Сүлеймен Сүгірбаев,Адайбек Сәрсенов, Жанат Тектіғұлов, Мұханбет Шавлетов, Руслан Дермұханов, Мұрат Қуанышевтарға кесілген түрме жазасы жеңілдетілді. Қалған сотталушылардың жазалары өзгеріссіз қалды.

Апелляциялық сот алқасының үкімімен  “ұрланған мұнайды тасымалдаған” көлік жүргізушілердің бірі Сергей Савченконың түрме жазасы бас бостандығын шектеу жазасымен алмастырылды. 

Сотталушылар отырысқа видео байланыс арқылы қатысты.

“Мұнай ұрлаушыларға” қатысты 2 тамыз күнгі үкіміге сай сот “Төрт

ағайынды» тобының жетекшісі” Еркін Ізбасарға – 12 жыл, “оның сенімді

серігі” Аухат Қалиевке – 11 жыл, Қалдымұрат Қартжановқа – 11 жыл,

Нұрлыбек Тонтаевқа – 7 жыл, Болатбек Бекетовке – 8 жыл, Мұрат

Тұржановқа – 8 жылдық түрме жазасын кескен еді. 

Прокурор Ізбасарға берілген жаза аз десе, қорғаушылар, керісінше, қамау уақыты көп деп санайды. 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.