21-01-20 | 12:31
Мәскеу соты Әблязов ісінің тыңдауын бастайды.
Мәскеу соты Әблязов ісінің тыңдауын бастайды

Мәскеудің тагандық соты 31 Қаңтарда қазақстандық “БТА Банкі” Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовқа қатысты бақылаудағы ұйымнан 58 миллиард рубльден астам ақшаны жымқыру туралы қылмыстық істі тыңдауға кіріседі,деп хабарлайды РАПСИ (Ресейдің құқықтық және сот ақпараттық агенттігі).

Сот жұмада кәсіпкердің қорғаушысының келмеуіне байланысты қылмыстық істі қарауға кірісе алмады.

Сондай-ақ сол банктің бұрынғы басқарма төрағасы Роман Солодченко, сондай-ақ банктің басқа да бұрынғы қызметкерлері: Артур Трофимов, Игорь Кононко, Татьяна Параскевич, Анатолий Ерещенко және Александр Удовенко ісі де өтуде.

Қылмыстық істің фигуранттары қазір Еуропада және оларды қайтаруға тек Ресей ғана емес, сондай-ақ Қазақстан мен Украина да мүдделі. Мәскеу соты істі сырттай тыңдайды деп жазады агенттік.

Тергеу барысында Әбілязов “Ресей Федерациясының аумағында орналасқан, қазақстандық банктің аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жүйелі түрде ұрлауға мүмкіндік беретін, ауқымды инвестициялық жобаларды қаржыландырудың бірнеше күрделі және шатастырылған схемаларын әзірледі”деп есептейді.

400  томнан тұратын істе Аблязов аса ірі мөлшердегі алаяқтықтың 9 эпизодында (РФ ҚК 159 бабы 4 бөлігі), қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті жария етудің 3 эпизодында (РФ ҚК 174.1 бабы 3 бөлігі), өкілеттікті теріс пайдалану (РФ ҚК 201 бабы 2 бөлігі) және ұйымдасқан топтың алдау жолымен аса ірі залал келтіру (РФ ҚК 165 бабы 3 бөлігі “а”, “б” тармақтары) айыпталып отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk