03-10-18 | 15:00
Мәжіліс Халықаралық Қызыл Крест комитеті туралы келісімді мақұлдады.
Парламент мәжілісі қазанның 3-і күні Қазақстан үкіметі мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті (ХҚКК) арасындағы ұйымның Қазақстандағы мәртебесі, айрықша құқықтары мен қорғалуы туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын мақұлдады. Құжатты мәжілісте сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов таныстырды.

Оның айтуынша, келісімде комитеттің Қазақстанда өз мандатына сай жұмыс істеуі үшін оған айырқша құқықтар беру және оны қорғау шаралары қарастырылған. Бұл құжат ХҚКК-нің Қазақстанда өз өкілдігін ашуына мүмкіндік береді.

Министрдің сөзіне қарағанда, Халықаралық Қызыл Крест комитеті соғыс құрбандарының өмірін қорғау, төтенше жағдайлар мен қарулы қақтығыстардан зардап шеккендерге, жараланғандарға және науқастарға көмек көрсету, халықаралық гуманитарлық құқық принциптерін тарату, төтенше жағдайлар құрбандарына халықаралық гуманитарлық көмек көрсетуді реттеу қызметтерін атқарады.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk