05-01-20 | 21:54
Маңғыстау полициясы аяз аталарға ескерту жасады (видео).
Маңғыстау полициясы аяз аталарға ескерту жасады (видео)

Маңғыстау облысы полиция департаменті жаңа жыл күні аяз атаның киімін киіп, көлікпен көшеде жүріп, жай жүрмей көлік терезесінен бастарын шығарып, жұртты жаңа жылмен құттықтаған азаматтарға ескерту жасаған. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады lada.kz.

Жастармен – жүргізушілер мен көлікте болған жолаушыларға жол ережесін бұзуға болмайтыны жөнінде түсіндірілді” деген полиция баспасөз қызметі.

Бұған дейін instagram-дағы zhanaozen_online парақшасында Жаңаөзен қаласындағы аяз ата киімін киген адамдар көлік терезесінен бастарын шығарып, жұртты құттықтап жүрген видео жарияланған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.