arasha.kz

Әртіс әрі әнші Әлімжанов депутат болып, ант берді

Әртіс әрі әнші Нұрлан Әлімжанов мәжіліс депутаты атанып, ант берді. Ант қабылдау рәсімінде су жаңа депутат: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, республиканың тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, конституция мен заңдарды қатаң сақтауға және өзіме жүктелген депутаттық міндетті абыроймен атқаруға ант етем», – деп қызметіне кірісті.

Әртіс әрі әнші, композитор Нұрлан Әлімжанов қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы, елбасы Н.Назарбаев туралы «Елбасы жолы» кинотуындыда басты роль – Назарбаевтың бейнесін сомдаған еді. Енді міне, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша мәжіліс депутаты атанды.

Exit mobile version