arasha.kz

«Томирис» фильмі: Назарбаева, Сатаев, Райымқұлова үшеуі халыққа түсіндірсін!»

27 қыркүйектен бастап кинотеатрларға шыққан режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи кинокартинасының қазақ тіліндегі нұсқасының кинотеатрларда болмауы әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырып отыр. Әлеуметтік желіде кинотеатрлар сеансынан «Томирис» фильмін таба алмаған жұрт наразы жазбалар жазуда. Экономист, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан да көптің наразылығына қосылып: «Әлия Назарбаева мен Ақан Сатаев, министр Раимкулова Актоты халықтың алдында түсініктеме беру керек! Мемлекеттік бюджетінен 2 млрд 250 миллион теңге ақша бөлінген фильмдеріңіз – «Томирис» неге тек орыс тілінде ғана көрсетіліп жатыр? Бұл орыстандыру саясаты емес пе өзі? Біздің көне тарихымызды кім үшін түсірдіңіздер? Бұл масқара ғой! Бір де бір сеанс қазақша жоқ, бәрі орысша!», – деп жазады.

Кеше журналист Айдос Жұқанұлы «Томирис» фильміне бармауға және бойкот жариялауға үндеген еді

Exit mobile version