Қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің антологиясы Британ Кеңесінің қолдауымен Кембридж университетінде жарық көреді.
Қазақтың белгілі ақын-жазушылары, сыншылар мен әдебиеттанушылар Алматыдағы «Достық үйінде» жиналып, БҰҰ алты тіліне аударылатын қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің антологиясының құрылымы мен мазмұнын талқылауға жиналды.
«Бүгінгі әлемдегі қазіргі заманғы қазақ мәдениеті» жобасы және ауқымды әрі бірегей аударма ісі Елбасының бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір тармағы ретінде жоспарланып, іске асуға мүмкін болып отыр. Сондықтан бағдарламаны қадағалау және назарда ұстау жоғарғы дәрежеде жүріп жатыр.
Жобаға жауапты – Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі Аида Балаева жұмыс тобымен және ақын-жазушылары, сыншылар , әдебиеттанушылар жобаның үтір-нүктесіне дейін талқылады. Ол жобаны сөз ете келе, антологияның аударма сапасымен оның кең ауқымда халықаралық дәрежеде таралуы жұмыстың ең маңызды бөлігі екенін атап айтты. Солд үшін антологияның ағылшын тіліндегі нұсқасын дайындауға Британ Кеңесі, Кембридж университеті секілді беделді әрі әлемге танымал ұйым мен оқу орны тартылып отыр. Олар жобаның аудармасы, таралымы және басылымды танымал ету үшін алға жылжыту ісінде серіктес болуға келісті.
Жоба ұйымдастырушылары антологияның француз, қытай, орыс, италия, араб тіліндегі нұсқаларын дайындауда да жоғарыдағыдай жоғарғы дәрежелі серіктес тауып, жұмыс істеуге ынталы. Қаламгерлер антологияның құрылымы мен атқарылатын жұмыстың ұйымдастырылуын да бір ауыздан қолдады.
«Бұл жоба біздің авторларлардың шетелдік әріптестерімен, сарапшылармен, әдебие агенттіктермен кеңінен араласуына мүмкіндік беріп, әлем халқының қазақ қаламгерлерінің шығармаларына оқуына үлкен орай тудырады. Солайша, қазақ ақын-жазушыларының шығармалары дүниежүзілік әдеби процеске кірігеді», – деді Аида Балаева. БҰҰ-ның алты тіліне аударылған антология кітап болып қана емес, электронды және аудио нұсқада да шығарылып, кейін танымал онлай-платформаларда орналастырылады.